Тренингтер ҮЕҰ өкілдерін баспасөзбен және қоғаммен жұмыс құралдарын кешенді турде оқытуға бағытталған және Сорос-Қазақстан Ұйымының «Жастар бастамалары» атты бағдарламасының қолдауымен «Жастар ҮЕҰ-на баспасөзбен тиімді әрекеттестікті және ақпараттық науқанды әзірлеуді оқыту» жобасы аясында өтеді.
Тренингтер келесі қалаларда өтеді:
«Баспасөзбен тиімді әрекеттестік» (2 күн) – Тараз, Ақтөбе, Петропавл.
"Ақпараттық науқанды дайындау және жүзеге асыру» (2 күн) - Алматы, Астана.
Үйретушілер - Диана Окремова, Гүлмира Биржанова (ҚҚ "Құқықтық медиа-орталығы", Астана) Бектұр Искандер (KLOOP.kz, Бишкек) Тренингтің негізгі тақырыптары: баспасөзбен жұмыс құралдары: баспасөз хабарламасы, конференциялар, медиа-стратегиясын әзірлеу, ақпараттық әрекеттестіктің нысаны, сонымен қатар ақпараттық науқанның әзірленуі мен тиімді жүзеге асуы, қоғамның назарын аудару, ҮЕҰ қызметіне жұртты тарту тетігі.
Қатысуға Қазақстан жастарының ҮЕҰ-ның белсенді өкілдері шақырылады. Оқыту орыс тілінде жүргізіледі.
Бірінші тренинг Алматы және таяу аймақтағы жастардың ҮЕҰ өкілдеріне 8-9 ақпанда Алматы қаласында өтеді. Өтініштер қатысудың негіздемесімен 2013 жылдың 1 ақпанына дейін қабылданады.
Тренингке қатысушылардың жол жүру, мекен-жай және тамақтану барысындағы шығындарын ұйым өтейді.
Іс-шаралардың өтетін жері мен күні қосымша хабарланатын болады.
Қатысуға өтініштеріңізді (ерікті нысанда) мына мекен-жайға












